Конституциядан "Елбасы" сөзі алынды – Ерлан Қошанов

1322

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов келешекте Тұңғыш Президенттің мәртебесі заңнамадағы экс-президент туралы нормалармен реттелетінін айтты.

Конституциядан "Елбасы" сөзі алынды – Ерлан Қошанов

"Мемлекеттің негізін қалаушы деген Конституцияда болады. Ол негізі бар. Ол норма сақталып қалды, тек шамалы нақтыланды. Ол жерден "Елбасы" деген сөз алынып тасталды, - деді Мәжіліс спикері. 

Сондай-ақ, ол аталған нормаға қатысты халықтың ой-пікірі қалай ескерліуі мүмкін екенін де айтып өтті. 

"Енді ол референдум бола ма,  Парламент арқылы өте ме, болашақта шешілетін мәселе. Қазір Конституциялық кеңестен сол рәсімді біз өткізуіміз керек. Заңнамада  экс-президент туралы норма бар. Бірінші Президентке де сол норма қатысты болады", - деді Ерлан Қошанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу