Конституцияға арналған жаңа коллекциялық монета айналымға шығады

Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайты жазды.  

Конституцияға арналған жаңа коллекциялық монета айналымға шығады Фото: nationalbank.kz

Жаңа монета 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум арқылы қабылданған жаңа Ата заңға арналып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Қазақстан Ұлттық банкі "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясы аясында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ" атты жаңа коллекциялық монеталарды айналысқа шығарады.

Ұлттық банк таратқан ақпаратқа сәйкес, коллекциялық монеталар 2026 жылдың 19 тамызынан бастап ҚҰБ-тың Kazcoins интернет-дүкені арқылы сатыла бастайды.

Жаңа Ата заң 1 шілдеден бастап күшіне еніп, елдің конституциялық дамуындағы жаңа кезеңнің басталуына негіз болды.

Коллекциялық монета алтын жалатылған 925 сынамалы күмістен жасалған. Оның массасы – 31,1 грамм, ал диаметрі 35×45 миллиметрді құрайды. Монета "proof" сапасымен дайындалған.

Монетаның номиналы – 1 000 теңге, ал жалпы таралымы небәрі 1 мың данамен шектелген. Бұл оны нумизматтар мен коллекционерлер үшін ерекше қызығушылық тудыратын шығарылымдардың біріне айналдыруы мүмкін.

Ұлттық банктің мәліметінше, коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген номиналдық құны бойынша барлық төлем түрі үшін қабылданады. Сонымен қатар, оларды елдегі банктерде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.

Жаза кетейік, жаңа коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу