Конституцияға енгізілген түзетулерді қолдағандар 76,7%-ды құрады – Exit poll

681

Алғашқы exit poll деректері Qazaqstan телеарнасында өткен онлайн марафон барысында жарияланды, деп жазды inbusiness.kz.

Конституцияға енгізілген түзетулерді қолдағандар 76,7%-ды құрады – Exit poll

Арналар өткізіп жатқан телемарафон эфирінде "Социс-А" компаниясы бірінші exit poll  қорытындысын жариялады. Сауалнамаға қатысқан дауыс бергендердің 76,7%-ы Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдаса, 23,3%-ы қарсы болды.

Демократия институтының exit poll нәтижесі: 79,4%-ы конституцияға енгізілген өзгерістерді қолдаса, 20%-ға жуығы қарсы.

Үшінші exit poll "Қоғамдық пікір" қорынан болды. Сауалнамаға қатысқандардың 74,8%-ы заңға өзгертулер енгізуді қолдаса, 25,2%-ы қарсы болды.

Еске сала кетсек, 5 маусымда астана уақытымен сағат 21:00-де еліміздің барлық өңіріндегі референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды.

Саяси науқанда exit poll сарапшылары әдеттегі жұмыстарына кірісті. Олар сайлаушылар арасында құпия сауалнама жүргізді.

"Қоғамдық пікір" институтының өкілдері дауыс беруге келгендерден "референдумды қолдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ бойынша жауап алды.

ҚР Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, еліміз бойынша референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне 11 734 642 адам енгізілді. 8 030 739 азамат бюллетень алды. Бұл – дауыс берушілер тізіміндегі азаматтардың 68,44%-ы.

"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған алдын ала деректері бойынша азаматтардың референдумға қатысу статистикасы мынадай болды: Ақмола облысы – 73,81%, Ақтөбе облысы – 58,06%, Алматы облысы – 72,83%, Атырау облысы – 67,68%, Батыс Қазақстан облысы – 69,37%, Жамбыл облысы – 69,59%, Қарағанды облысы – 77,39%, Қостанай облысы – 72,28%, Қызылорда облысы – 79,89%, Маңғыстау облысы – 61,19%, Павлодар облысы – 75,53%, Солтүстік Қазақстан облысы – 75,49%, Түркістан облысы – 80,66%, Шығыс Қазақстан облысы – 77,49%, Нұр-Сұлтан қаласы – 57,06%, Алматы қаласы – 33,30%, Шымкент қаласы – 72,53%", – деді Мұхтар Ерман.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу