Конституцияларын 22 жылда 7 рет өзгертті

1044

Конституцияларын 22 жылда 7 рет өзгертті

Салтанатты шара барысында Алмазбек Атамбаев заңға өзгертулер енгізу туралы бастамаға ел азаматтары қолдау көрсеткенін атап өтті, деп хабарлайды 24.kz.

11 желтоқсанда өткен жалпыхалықтық референдум нәтижесінде ата заңға 40-қа жуық өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын.

Қырғыз елінің басшысы жаңа Конституция президент өкілеттілігін азайтып, Парламент пен Премьер-министрдің құзіретін кеңейтетінін айтты.

Сондай-ақ, Алмазбек Атамбаев ата заңды халыққа жария ету туралы жарлыққа қол қойды. Ал ел үшін ең маңызды құжаттың 4 көшірмесі парламент, үкімет, жоғарғы сот пен конституциялық палатаға табыс етілді. Құжаттың түпнұсқасы президент әкімшілігінде сақталмақ.

Айта кетейік, Қырғыз Республикасында соңғы 22 жылда ата заңға 7 рет өзгеріс енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу