Конституциялық кеңес Нұрсұлтан Назарбаевтің өтінішін қабылдады

2005

Өтініш президент өкілеттігін тоқтату туралы тармақты ресми түсіндіруге байланысты.

Конституциялық кеңес Нұрсұлтан Назарбаевтің өтінішін қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық кеңеске президент өкілеттігін тоқтату туралы тармақты ресми түсіндіру жөнінде өтініш білдірді. Бұл туралы Конституциялық кеңестің ресми сайтында жарияланды.

Бұл ҚР Конституциясының 42 бабының 3-ші тармағы. Онда президент өкілеттігі жаңа сайланған президент қызметіне кіріскенде, сондай-ақ мерзімінен бұрын орнын босатқанда және қызметінен өз еркімен кеткенде немесе қазасына орай тоқтатылатыны көрсетілген.  

"2019 жылғы 4 ақпанда Республиканың Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде", – делінген хабарламада.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу