Конституциялық Кеңес журналистер арасында байқау жариялады

4021

байқау республикалық, өңірлік және шетелдік БАҚ, соның ішінде Интернет-БАҚ кәсіби журналистері арасында өткізіледі. 

Конституциялық Кеңес журналистер арасында байқау жариялады Фото: kazpravda.kz

Конституция күні қарсаңында Конституциялық Кеңес журналистер арасында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамның конституциялық мәдениетін арттыру мәселелері бойынша байқау жариялады.
Ережеге сәйкес конкурстың тақырыбы – "Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекет пен қоғамды табысты жаңғырту негізі".
Ол республикалық, өңірлік және шетелдік БАҚ, соның ішінде Интернет-БАҚ кәсіби журналистері арасында өткізіледі. Байқау Қазақстан Республикасы Конституциясының шығармашылық әлеуетін, оның мемлекеттілігін қалыптастыру мен нығайтудағы рөлін, өмірдің негізгі салаларын жаңғыртуды, Рухани Жаңғыру жалпыұлттық жобасы шеңберінде қоғамның конституциялық мәдениетін арттыруды көздейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу