Конституциялық Кеңеске Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты норманы алып тастау ұсынылды – Ерлан Қарин

890

Конституциялық Кеңеске Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тарихындағы рөлі туралы мәртебе беретін норманы Конституциядан алып тастау жөнінде өтінім жолданды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин telegram каналында жазды.

Конституциялық Кеңеске Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты норманы алып тастау ұсынылды – Ерлан Қарин

"Бүгін Конституциялық Кеңес ел Конституциясына түзетулер енгізу жобасын жақтайтын қорытынды шығарды. Бұл Конституциялық реформаны іске асырудың ең маңызды, ел мен ұлт болашағында мәні зор кезеңдерінің бірі. Конституциялық реформа билік тармақтарының арасындағы теңгерімді оңтайландырып, халықтың мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді және азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын күшейтеді. Сондай-ақ жұмыс тобының кейбір мүшелерінің пікірін ескере отырып, Конституциялық Кеңеске Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысы бар норманы алып тастау туралы қосымша өтінім жолданды. Жұмыс тобы мүшелерінің пікірі бойынша, Тұңғыш Президенттің тарихи рөлі жалпыға мәлім және оны Конституцияда жекелеп бекіту қажет етпейді", – деп жазды ол.

Мемлекетік хатшының жазбасына қарағанда, Конституциялық Кеңестің енгізілетін түзетулер жобасына қарсылығы жоқ.

"Конституциялық Кеңес түзетулердің бүкіл тармақтары Конституцияға сай деген қорытынды берді.

Конституциялық норма тұтастай мемлекеттік-саяси модельді трансформациялауға бағытталған және қоғам игілігі үшін жүргізіліп жатыр", – деп толықтырды Ерлан Қарин.

Бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Тұңғыш Президент туралы Заң қашан күшін жоятынын айтқан болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу