Конституциялық кеңестің Қазақстан Республикасы президентінің өтініші бойынша шешімі жария етілді

1809

2019 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өтініші бойынша қабылданған Конституциялық Кеңестің Республика Конституциясы 42-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы нормативтік қаулысы жария етілді.  

Конституциялық кеңестің Қазақстан Республикасы президентінің өтініші бойынша шешімі жария етілді

Бұл туралы Конститутциялық кеңестің ресми сайтында жарияланды. Осыған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысының өтінішінде Конституцияның 42-бабының 3-тармағында белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негіздерінің тізбесі толық болып табылады ма, деген сұрақ қойылған болатын.
Конституциялық Кеңес аталған нормада Президенттің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негіздері толық емес деп түсіндірді.
Кеңестің пікірінше, Негізгі Заңнан Мемлекет басшысының отставкаға шығу құқығы туындайды. Аталған құқық президенттік басқару нысаны мен Республика Президентінің конституциялық мәртебесінің элементі болып табылады. Ол адам әрі Қазақстан азаматы ретінде Президентке тиесілі және әр тұлғаның конституциялық құқықтарын, соның ішінде еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығын бекітетін Конституцияның басқа да ережелерінен туындайды (13-баптың 1-тармағы, 24-баптың 1-тармағы және т.б.).
Конституциялық Кеңес Конституция 42-бабының 3-тармағындағы "сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған...жағдайда..." деген сөз тіркесі оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатудың негізі ретінде Мемлекет басшысының отставкаға шығуын да қамтиды деп есептейді.
Нормативтік қаулының толық мәтіні баспасөзде жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу