Мемлекет басшысы Конституциялық кеңестің төрағасы қызметінен Рогов Игорь Ивановичті босатып, орнына Мамыр Қайрат Әбдіразақұлын тағайындады. Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында хабарланды.
Сонымен қатар елбасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына Шпекбаев Алик Жаткамбайұлын тағайындады.
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР парламенті сенатына Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың кандидатурасын бас прокурор лауазымына ұсынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу