Конституциялық Кеңестің жаңа қызметкері тағайындалды

813

 Конституциялық Кеңестің жаңа қызметкері тағайындалды

ҚР Конституциялық Кеңестің мүшесі қызметіне Рахмет Желдібайұлы Мұқашев тағайындалды, деп хабарлайды 24.kz.

Рахмет Желдібайұлы Мұқашев 1956 жылы туған. Жоғары құқықтық білімі және заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар. Бұған дейін ҚР ІІМ кеңесшісі, ҚР Әділет министрінің бірінші орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сенат депутаттары Мұқашевтің кандидатурасын бір ауыздан қолдады. Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында Конституциялық Кеңес Төрағасының ұсынысы қаралып, Конституциялық Кеңестің мүшесі Ұбайдолла Стамқұловтың өкілеттігін 2017 жылғы 26 мамырдан бастап тоқтату ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу