Конституциялық құқық бұзылып жатқан жоқ – вице-премьер

1131

Тұтас бір ұжымның қызметкерлері міндетті вакцинациядан бас тартса, айыппұл салынады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Конституциялық құқық бұзылып жатқан жоқ – вице-премьер

Олар 14 мың теңгенің көлемінде айыпақы арқалайды. Заңды тұлғаларға да жаза қарастырылған. Сан-эпидем бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова осыны кесіп айтты. Ал Ковидке қарсы егілмеген жұмысшыларды ПТР-тест тапсыруға міндеттеу туралы вице-премьер "Біз ешкімнің конституциялық құқығын бұзып жатқан жоқпыз",-деді. Тоғжановтың сөзінше билік азаматтарды мәжбүрлеп жатқан жоқ, тек таңдау ұсынып отыр. "Не егіл, не төле!" Алайда, мәселеге қатысты заңгерлердің өз айтары бар.

Елімізде "Үнді" штаммының анықталуына байланысты ревакцинация, яғни қайта егу жүргізілмейді. Мұндай мәлімдемені Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жасады. Оның айтуынша, "Спутник Видің" авторлары мәлімдеме жасап, екпе вирустың мутацияланған түрлерінен қорғайды" деген.   Сондықтан, ревакцинация мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ,- деді Бекшин. Алайда, бұған дейін Ресейдің Гамалея орталығының мамандары "Спитник Видің" "дельта" штаммынан толық қорғамайтынын айтқан. Дәлірек айтқанда, екпе алғандар жарты жылдан кейін "Спутник Лайтты" салдыруы керек. Айта кетейік, бүгін Алматыдан "дельта" штаммы анықталды. Вирустың мутациясын тексеру үшін жүргізілген 63 зерттеудің біреуі   "дельта" штаммы боп шықты. Тасымалдаушы шетелден келген 1984 жылғы Алматы тұрғыны. Ол қазір стационарда ем алып жатыр. Онымен байланыста болған 7 адам ерекше бақылауға алынған.  Енді қала билігі мегополистегі карантиндік шараларды қайта күшейтпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу