Конституциялық реформалар – Қазақстанның болашағын нығайтатын қадам

197

Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев Қазақстанда жүзеге асып жатқан конституциялық реформалардың стратегиялық маңызына тоқталды.   

Конституциялық реформалар – Қазақстанның болашағын нығайтатын қадам Фото: primeminister.kz

Оның айтуынша, жаһандық тұрақсыздық пен халықаралық ортадағы өзгерістер жағдайында заңнамалық базаны жаңарту – мемлекеттілікті нығайту мен ұлттық мүддені қорғаудың негізгі тетігі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Спикер Конституциялық өзгерістердің логикасы заман талабынан туындап отырғанын атап өтті. Қазіргі кезеңде халықаралық стандарттар мен құндылықтар трансформацияға ұшырап жатқандықтан, Қазақстанға орнықты әрі тиімді мемлекеттік жүйе қажет.

– Мықты мемлекет құру үшін заңдар да заманға сай, берік болуы тиіс. Ал бұл өзгерістер ең алдымен Ата заңнан басталады. Осы тұрғыда қабылданып жатқан конституциялық реформалар – елдің ертеңін ойлаған мемлекеттің саналы әрі жүйелі іс-қимылы, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу