Конституциялық реформаны респонденттердің 78 пайызы қолдайды

Бұл туралы Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов айтып отыр. 

Конституциялық реформаны респонденттердің 78 пайызы қолдайды Фото: Конституциялық сот

Ол Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында Ата заңға енгізілетін өзгерістерді көпшіліктің қалай қабылдап жатқанына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Жақында "Қоғамдық пікір" институты өткізген сауалнаманың нәтижесін жариялаған еді. Осы зерттеудің нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 79 пайызы жүргізіліп жатқан Конституциялық реформаны уақтылы деп санайды. Сонымен қатар, азаматтардың едәуір бөлігі Конституциядағы өзгерістерді жеке әл-ауқатының артуымен, өмір сапасының жақсаруымен тікелей байланыстырады, – деп нақтылады ол. 

Жандос Шаймардановтың айтуынша, респонденттердің 65 пайызы ұсынылған өзгерістер өз өміріне оң әсер ететініне сенеді. 

– Нәтижесінде сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі, яғни, респонденттердің 78 пайызы Конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді. Қоғамдық пікірді зерттеу көрсеткендей, Конституциялық реформа азаматтардың кеңінен талқылауға қатысуына және қоғамдық қолдауға сүйенеді, – деп қорытындылады институт басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу