Зере Өтебаева 1969 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келген. Мәскеу экономика және құқық институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі:
- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бастығы (1999-2001);
- Комитеттермен жұмыс бөлімінің консультанты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Хатшылығының консультанты, Заңнама департаментінің бас консультанты, Халықаралық істер комитетінің қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары (2001-2008);
- ҚР парламенті мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі (01.2008-04.2016);
- ҚР парламенті мәжілісі аппараты басшысының орынбасары (04.2016-2019);
- Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы (23.10.2019 жылдан бастап)
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу