Конституциялық Сот қамау мерзімін ұзарту нормасының заңдылығын қарайды

105

Конституциялық Сот Қылмыстық-процестік кодекстің бұлтартпау шарасын ұзартуға қатысты нормасының Конституцияға сәйкестігін тексеруге кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Конституциялық Сот қамау мерзімін ұзарту нормасының заңдылығын қарайды Фото: gov.kz

Сот мәліметінше, ауыр қылмыстар бойынша қамауда ұстау мерзімін 12 айға дейін ұзартуға мүмкіндік беретін ҚПК-нің 342-бабының үшінші бөлігіне қатысты өтініш қарауға қабылданған.

Өтініш беруші аталған норманың тұжырымдары жеткілікті дәрежеде айқын емес екенін және баптың жекелеген бөліктері арасында қайшылықтар бар екенін алға тартқан.

– Өтініште келтірілген уәждер мәтіннің ықтимал айқын еместігі туралы болжамдарға негізделген. Ал дауланып отырған норма бұлтартпау шарасын ұзартудың нақты процессуалдық тәртібін белгілейді және Қылмыстық-процестік кодекс нормалары жүйесінде қолданылып, қорғау мүдделері мен процессуалдық қажеттілік арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді, – деп мәлімдеді Конституциялық Сот.

Ведомство тексеру барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланатынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу