Конституциялық Сот құрылғалы бері 2 мыңнан астам өтініш түсті

571

Конституциялық Сотқа биылғы 7 сәуірге дейін осы органға жүгінуге құқығы бар субъектілерден 2 179 өтініш түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Конституциялық Сот құрылғалы бері 2 мыңнан астам өтініш түсті Фото: aikyn.kz

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта 355 өтініш қарауда. Конституциялық іс жүргізуге 12 өтініш қабылданды, тағы 36 өтінішті судьялар алдын ала зерделеуде.

"Өтініш берушілер негізінен соттардың шешімдерімен келіспеу – 43%, нормативтік құқықтық акті немесе оның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тану – 21%, ақпаратқа қол жеткізу – 3,6%, еңбек және зейнетақымен қамсыздандыру – 2,3%, қылмыстық-атқару жүйесі – 1,3% және өзге де мәселелер бойынша жиі жүгінгені көрінеді. Осы аралықта азаматтардың өтініштері бойынша төрт нормативтік қаулы шығарылды. Атап айтқанда, Конституциялық Сот Салық кодексінің, Қылмыстық-атқару кодексінің, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың жекелеген нормаларын Конституцияға сәйкес емес деп таныды. Сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның жекелеген нормаларын Конституциялық Сот берген түсіндірмеде Конституцияға сәйкес келеді деп таныды", – делінген Конституциялық Сот таратқан жазбада.

Өтініштердің басым бөлігі Астана және Алматы қалаларынан, Қостанай, Қарағанды және Жамбыл облыстарынан келіп түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу