Конституциялық сот Таиланд премьер-министрін лауазымынан босатты

318

Ол этикалық кодексті бұзды деп айыпталды.

Конституциялық сот Таиланд премьер-министрін лауазымынан босатты Фото: © AP Photo / Wason Wanichakorn

Таиландтың Конституциялық соты этикалық нормаларды бұзған Премьер-Министр Сеттха Тхависинді қызметінен босату туралы дауыс берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс басылымына сілтеме жасап.

Үкімет басшысын қызметінен кетіруге 5 судья дауыс берді, қалған төртеуі қарсылық білдірді.

Тхависин сот шешімін құрметтейтінін, алайда басқа нәтиже болатынына сенгенін айтты.

"Менде билік қалған жоқ. Енді барлық билік премьер-министрдің міндетін атқарушы адамда болады", - деді қазіргі үкімет басшысы.

Соттың мұндай шешімге келуіне биылғы көктемде Тхависиннің премьер-министр канцеляриясының басшылығына Пичита Чынбанды тағайындауы себеп. Чынбан 2008 жылы істі болған. 

Осындай кадрлық тағайындаудан ел ішінде жанжал туындады. Пичита Чынбан көп ұзамай отставкаға кетуге мәжбүр болды.

Конституциялық соттың мәлімдеуінше, Тхависин Чынбанның бұрын істі болғанын біле тұра, оны осы қызметке тағайындады. Судьялар бұл шешімді этикалық кодексті бұзушылық деп таныды.

Енді үкіметті Тхависиннің орынбасарларының бірі уақытша басқаратын болады. 

Айта кету керек, Сеттха Тхависин Таиланд премьер-министрі қызметін 2023 жылдың қыркүйегінен бастап атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу