Конституциялық Сот төрағасының орынбасары тағайындалды

532

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.  

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары тағайындалды Фото: ortcom.kz

Бақыт Маратұлы 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылында туған. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасында оқытушылықтан бастады. 2003 жылдың мамыр айынан Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінде: құқық бөлімінің консультанты, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты, бас сарапшы, бас консультант, құқықтық сараптама бөлімі талдау секторының меңгерушісі, Төрағаның кеңесшісі. 2008-2017 жылдары негізгі қызметімен қоса Еуропа Кеңесінің "Құқық арқылы демократия үшін" Венеция комиссиясының байланыс бойынша офицері функцияларын атқарды.

Қазіргі қызметінде 2017 жылдың тамыз айынан бастап.

"Ерен еңбегі үшін" медалымен, "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл" және "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" мерекелік медалдарымен марапатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу