Конституциялық Сотқа 800-ден астам өтініш түскен

647

Ең көп өтініш Астана, Алматы қалалары және Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының тұрғындарынан қабылданған.    

Конституциялық Сотқа 800-ден астам өтініш түскен Фото: gov.kz

Конституциялық бақылау органының алғашқы айдағы жұмысының қорытындысы бойынша қаңтар айында 800-ден астам өтініш тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Конституциялық Соттың атына азаматтардан шағымдардың келіп түсуі жалғасып жатыр. Өтініш берушілердің басым бөлігі әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша шығарылған сот актілерімен келіспей шағымданды (36%). Екінші орында – зейнетақы саласына қатысты өтініштер (17%). Ал құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келетін тұстарына шағым саны 14%-ды құрады.

Осы аталғандармен қатар, азаматтардан еңбек және тұрғын үй заңнамасы, әлеуметтік қамсыздандыру, ақпаратқа қол жеткізу және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы нақты жағдайларға байланысты өтініштер түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу