Конституциялық Сот өтініш жолдау бойынша кеңестер ұсынды

353

Азаматтарға заң көмегі оны алуға құқығы бар адамдарға мемлекет кепілдік берген заң көмегінің бөлігі ретінде ақылы да, тегін де көрсетіледі.

Конституциялық Сот өтініш жолдау бойынша кеңестер ұсынды

Заң нормасының Негізгі заңға сәйкестігін тексеру үшін Конституциялық Сотқа өтініш жолдайтын кезде өтініштің нысанында да, мазмұнында да белгілі бір талаптарды ескеру қажет. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Констутуциялық Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Сіздің өтінішіңізде не нақты көрсетілуі керек:

  • Конституциялық Сотқа не үшін жүгініп отырсыз. Осы өтінішке себеп болған жағдайды қысқаша сипаттаңыз.
  • Жалпы юрисдикциялы сотта сізге нақты қандай норма қолданылды және оны неліктен Конституцияға сәйкес келмейді деп санайсыз.
  • Дауланып отырған норма сіздің конституциялық құқықтарыңызға қалай нұқсан келтіреді. Конституцияның тиісті баптарын көрсетіңіз. Өтініштің осы бөлімін жазу күрделі болуы мүмкін және Конституция тұрғысынан бұзушылықтарды негізге алу тәжірибесін қажет етеді.

Осыған байланысты, Конституциялық Сотқа өтініш беру тәртібі мен рәсімдері туралы жан-жақты консультацияны сіз Конституциялық Сот Аппаратының қызметкерлерінен Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 13 (РФММ мектебіне қарама-қарсы жақта) мекенжайы бойынша Азаматтарды қабылдау орталығынан ала аласыз.

Сонымен қатар, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңға сәйкес сіз заңгерлік кеңес алу үшін адвокаттарға, заң консультантары және басқа да заңгерлік көмек көрсететіндерге жүгіне аласыз. Азаматтарға заң көмегі оны алуға құқығы бар адамдарға мемлекет кепілдік берген заң көмегінің бөлігі ретінде ақылы да, тегін де көрсетіледі.

Азаматтардың конституциялық бақылау органына өтінішінің үлгісі сілтеме бойынша Конституциялық Соттың сайтында орналастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу