Конституциялық заңдар пакеті саяси реформалардың құқықтық негізін күшейтеді – Ерлан Қарин

177

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Конституциялық заңдар пакеті саяси реформалардың құқықтық негізін күшейтеді – Ерлан Қарин Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин конституциялық заңдар пакетінің қабылдануы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалық бастамалардан нақты құқықтық тетіктерге дейінгі жүйелі әрі дәйекті сипатын бекітетінін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар екінші оқылымда 6 Конституциялық заңды қабылдады:

1. "Қазақстан Республикасының Президенті туралы";
2. "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы";
3. "Қазақстан Халық Кеңесі туралы";
4. "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы";
5. "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы";
6. "Бірқатар конституциялық заңдарды Конституцияға сәйкестендіру туралы" (сайлау туралы, республикалық референдум туралы, Үкімет туралы, сот жүйесі туралы, Конституциялық Сот туралы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы, Прокуратура туралы және басқа да заңдар).

"Аталған конституциялық заңдар пакетінің қабылдануы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалық бастамалардан нақты құқықтық тетіктерге дейінгі жүйелі әрі дәйекті сипатын бекітеді. Бұл – жаңартылған мемлекеттік-саяси модельдің құқықтық негіздерін нығайтатын 2026 жылғы Конституциялық реформаны жүзеге асырудағы аса маңызды кезең", – деді Ерлан Қарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу