Конституцияны өзгертуге арналған референдумды өткізу жоспары бекітілді

1102

Орталық референдум комиссиясының отырысында референдум өткізудің күнтізбелік жоспары бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Конституцияны өзгертуге арналған референдумды өткізу жоспары бекітілді

Жоспарды таныстырған комиссия төрағасының орынбасары Константин Петров, референдумның аумақтық және учаскелік комиссияларының құрамы, комиссиялардың орналасқан жері мен жұмыс уақыты туралы мәліметтер БАҚ-та 15 мамырдан кешіктірілмей жариялануы тиіс екенін хабарлады. Осы күнге дейін, яғни дауыс беруге дейін 20 күн бұрын референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдері әрбір сайлау учаскесі бойынша ұсынылуға тиіс.

"Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған учаскелер бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімімен танысу 20 мамырдан бастап көзделген. Әрбір азамат өз учаскесіне келіп, свок-ты тексере алады. Учаскелік референдум комиссиясы дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды дауыс беру күніне дейін кемінде 10 күн бұрын хабардар етеді. Яғни, 16 мамырда комиссиялар шығып, 25 мамырға дейін дауыс беру орны, уақыты және күні туралы ақпарат береді", - деді Петров.

Оның айтуынша, үгіт қазір басталып кетті, 4 маусым күні сағат 00:00-де аяқталады.

"Учаскелік комиссиялардың дауыс беру күні референдумның дауыс беруін өткізу – егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00 - ден 20:00-ге дейін", - деп хабарлады ол.

Республикалық референдумның қорытындылары дауыс берілгеннен кейін жеті күн ішінде жарияланатын болады.

Отырыс басында ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров еске салғандай, өзгерістер Конституцияның үшінші бабына қатысты болмақ. Бұл мәселе бойынша жалпыхалықтық дауыс беру "азаматтардың мемлекет істерін басқаруға тікелей қатысуын және ел үшін маңызды шешімдер қабылдау процестерінің ашықтығын қамтамасыз етеді".

Референдум 5 маусымда өтеді деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу