Конституцияны жатқа білетін студент енді оқу орнында тегін оқиды

668

Конкурсқа 250 студент қатысты.  

Конституцияны жатқа білетін студент енді оқу орнында тегін оқиды Фото: elbasylibrary.govkz

30 тамыз - Қазақстанның Конституциясы күніне орай Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ақылы бөлімде оқитын студенттер арасында дәстүрлі "Мен Конституцияны жатқа білемін!" конкурсын өткізді.

Байқаудың мақсаты - Қазақстан Конституциясы күнін атап өту, Ата заңды ұлықтап, жастардың құқықтық сауатын арттыруды көздейді.

Қатысушылар конкурстың алғашқы кезеңінде ҚР Конституциясының ережелерін білу деңгейін анықтау үшін 25 сұрақтан тұратын сауалға жауап берді. Ал екінші кезеңге сүрінбей өткендер, Ата заңның баптарын жатқа айтудан жарысты. Конкурсқа Атырау қалалық соттың судьясы, прокурор және жеке сот орындаушы, университеттің азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары төрелік етіп, жеңімпаздарды анықтады.

Конкурс қортындысы бойынша 3-орынды (30 пайыз жеңілдік) "Экология" мамандығының студенті Ботакөз Интимахова, 2-орынды (50 пайыз жеңілдік) қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының студенті Медина Әбдеш алды. Ал бас жүлдені азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының студенті Жәңгір Темірханов бір жылдық оқуын тегін оқуға сертификат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу