Конститутция күнгі ауа райы қандай болмақ

1329

Синоптиктер жаңбыр жауады деп болжап отыр.  

Конститутция күнгі ауа райы қандай болмақ

Еліміздің басым бөлігі циклонның және онымен байланысты фронталды бөліктердің ықпалында болады. Сол себепті ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ы.

Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде  дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жерлерде  желдің жылдамдығы секундына 15-20, күндіз 15-20 метрге жетіп,  екпіні 23-28 м/с болады. Қостанай облысының бірқатар аумақтарында түнде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 м/с болады. Кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл тұрады деген болжам бар, бұршақ жаууы да мүмкін, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі, екпіні 25 м/с-қа жетеді.  

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секунына 15-23 метрге жетеді.

Түркістан, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл тұрып,   Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Алматы облысында күн қатты ысиды.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қостанай, Алматы облыстарының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының солтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу