Central Asia Metals Македониядағы ірі кен орнын сатып алады

995

Central Asia Metals Македониядағы ірі кен орнын сатып алады

Лондонда тіркелген "Central Asia Metals" компаниясы Lynx Resources фирмасын сатып алуға Македонияның монополияға қарсы агенттігінің келісімін алды, деп хабарлайды metalinfo.ru.

Келісім құны - 402,5 млн доллар. Бұл қаржы қолма-қол және борыштық міндеттемелермен төленетін болады. Келісімді тау-кен ісімен айналысатын компаниялармен жұмыс жасайтын люксембургтік Traxys компаниясы ұйымдастырды.

Central Asia Metals-тің негізгі активі Қазақстандағы "Қоңырат мыс компаниясы" ЖШС болып табылады.

Lynx Resources-тің иелігінде мырыш-қорғасын-күміс кенін шығарудағы Еуропадағы ірі кәсіпорын Sasa кені де бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу