Қоныс аударушыларға несие демалысын беру қажет

742

Оңтүстік Қазақстанның тұрғындарын Солтүстік Қазақстанға қоныстандыру  бағдарламасында кемшілік көп.  

Қоныс аударушыларға несие демалысын беру қажет

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында сенатор Әлімжан Құртаев осылай дабыл қақты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сенатордың сөзінше, әкімдіктер қоныс аударушылардың өмір сүруі мен жұмыс істеуіне жайлы жағдай жасай алмай отыр.  

"Көшуге ниет білдірген отбасы қоныс аударушыларды қабылдайтын аудандар туралы ақпаратқа толық қол жеткізе алмайды. Сондықтан олардың таңдауы шектеулі болады. Кейбір әкімдіктер отбасын қалаған ауылға емес, өздері белгілеген ауылға жібереді. Тағы бір мәселе – тұрғын үй жайы. Кейбір өңірлерде жеке тұрғын үй құрылысымен фермерлік шаруашылықтар айналысады және үйді ресми келісімсіз сала береді. БАҚ-та жарияланған ақпаратқа сәйкес, құрылыстың сапасы қойылатын талапқа жауап бермейді", – деді Әлімжан Құртаев.

Депутат мәселені шешу үшін Call-орталық ашуды ұсынды. 
"Call-орталықтардың қоныс аударуға ниет білдірген азаматтарды толық ақпаратпен қамтамасыз етуге тиіс. Бұл іске білікті мамандарды тарту қажет", – деді ол. 

Ерекше атап көрсетерлігі, Әлімжан Құртаев екінші деңгейлі банктер несиесі бар қоныс аударушыларға 6 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге несие демалысын беруі қажет деген бастама көтерді. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу