Кооперацияға 500 мыңнан астам шаруашылық тартылады

701

Кооперацияға 500 мыңнан астам шаруашылық тартылады

Алдағы жылдары өндіруші мен тұтынушы арасында өнімнің баға үстемесін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік бар. Бұл туралы сенатта агроөнеркәсіп кешенін дамыту тақырыбында өткен кездесуде ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрi Қайрат Айтуғанов мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.

"Шағын және орта шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперациясына тарту шараларына тоқталатын болсақ, жалпы 5 жылда бұл кооперацияға 500 мыңнан астам жеке қосалқы және шағын фермерлік шаруашылықты тарту жоспарланып отыр", – дейді Қайрат Айтуғанов.

Нақтырақ айтсақ, кооперативтер сүт, ет, көкөніс және басқа да өнімдерді жинаумен айналысады. Сонымен қатар олар қасапхана, ветеринария, жем-шөп дайындау, аграрлық химия, өнімді қайта өңдеу және сату нысандарына дейін жеткізу қызметін орталықтандырылған деңгейде іске асырады.

"Бұл шаралар қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін орташа алғанда 30 пайызға арттыруға және өндіруші мен тұтынушы арасындағы баға үстемесін төмендетуге мүмкіндік береді", – дейді вице-министр.

Оның айтуынша, 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 1 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде 335 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Осы ретте 150 сүт қабылдайтын және 159 қасапхана бірігіп, 7761 отбасылық бордақылау алаңы құрылған. Жалпы, бұл мақсатқа 50 млрд теңге бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу