Кооперациялар санын 467-ге жеткізу көзделуде

907

Кооперациялар санын 467-ге жеткізу көзделуде

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғаммен байланыс департаменті директоры Жасұлан Әбдіманап silteme.kz порталына берген сұхбатында кооперативтер құру саласындағы соңғы өзгерістерді атады.

"Қайта өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесін ұлғайту мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша индикативті көрсеткіштер қайта қаралды. Егер Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2017 жылы 326 кооператив құру жоспарланған болса, енді оның санын 467-ге дейін жеткізу жоспарлануда", - деді ол.

Сондай-ақ, ол ағымдағы жылдың 30 мамырындағы жағдай бойынша 286 бірлік, оның ішінде сүт дайындау бойынша 102 бірлік, ет өндірісі мен оны дайындау бойынша 181 бірлік кооператив тіркелгенін жеткізді.

"20 136 бас ірі қара малға арналған отбасылық бордақылау алаңдары және 51 жылыжай салынды. Тауарлы ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісіне 40 мыңнан астам жеке қосалқы шаруашылық пен шағын фермерлік шаруашылық тартылды", - деп түйіндеді ҚР АШМ өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу