Кооператив құру үшін несие алмақшы

1079

Кооператив құру үшін несие алмақшы

Оңтүстік Қазақстан облысында кооператив құру бағдарламасы бойынша "Оңтүстік" аймақтық инвистициялық орталығы бір айға жуық уақыт аралығында көшпелі семинар өткізді.  

Облыстың барлық аудандары мен қалаларында кооператив құру, қаржыландыру және субсидиялау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараға ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының, "Ырыс" МҚҰ, АШҚҚҚ сияқты қаржы институттарының және жергілікті КҚҚО-ның өкілдері қатысты.

Мақсат – кәсіпкерлерді кооператив құру жолдарымен таныстыра отырып, оларға бөлінетін субсидия және жеңілдетілген несиелер туралы мәлімет беру. Сонымен қатар, кооператив құруға ниеттілерге қолдау көрсете отырып, үлгі ретінде әр ауылда бір пилоттық жобаны жүзеге асыру.

Жұмысшы топ 14 жиналыс өткізіп, түсіндіру жұмыстары барысында 487 кәсіпкерді қамтыды. Олардың ішінен 22 кәсіпкер кооператив құру үшін несие алуға ниет білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу