Ауыл шаруашлылығы кооперативтері үшін әкімшілік кедергілерге көп болып тұр. Бұл туралы Шығыс Қазақстандағы шаруалар шағымданып жатыр. Бірігіп жұмыс істеуге бел буған фермерлердің өзекті мәселелері аймақтық кәсіпкерлер палатасының кеңесінде талқыланды. Белгілі болғандай, облыстың әрбір ауданында ауылшаруашылығы кооперативтеріне салық мөлшері әртүрлі есептеледі. Ұйымдасып жұмыс істеуге уағдаласқан фермерлер субсидияға да қол жеткізе алмай отыр екен. Себебі, демеу қаржы алу үшін қойылатын кейбір талаптар тым қатаң. Мысалы, ірі қара малды бордақылайтын кооперативтерде арнайы сою алаңы, есептік номері бар тоңазытқыш камера және ветеринарлык зертхана болуы тиіс деп жазылған. Бұл талапты барлығына толық орындау мүмкін емес дейді, шаруалар. Жалпы, қаржыландыру мәселесі кооперативтер үшін өте өзекті болып тұр. Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан несие алу үшін де кооперативте кемінде 20 мүше болуы тиіс деп белгіленген. Аймақтық кісіпкерлер палатасында, бұл норманы екі есеге азайтқан жөн деп санайды.
Оксана Желякова, Аймақтық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бүгінде біздегі кооперативтердің 95 пайызында 20 мүше толық жоқ. Яғни, олар бірінші кезекте несие және субсидия алу мүмкіндігінен айырылып отыр. Ұйымда 10 адам болса да жеткілікті деп есептейміз. Себебі, кейде шағын ауылдарда тұрғындар саны аз болғанымен, мал саны көп. Жеке үйлерден сүт жинау жұмысы да жақсы жүріп жатады.