Көпбалалы отбасыларға микрокредиттер беріледі

3867

Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы аясында іске асып отыр

Көпбалалы отбасыларға микрокредиттер беріледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жеке бизнесті бастау үшін көп балалы отбасыларға микрокредиттердің қандай шарттармен берілетінін түсіндірді. Министр Мемлекет басшысының көп балалы аналарды микро және шағын бизнеске тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасына түзетулер енгізілетінін айтты, онда жеңілдікті шарттармен әр түрлі бизнес түрлеріне кепіл және микрокредиттер берілместен қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру механизмдері көзделген.

"Біз микрокредиттер беру шарттарын қайта қараймыз. Жаңа бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында көп балалы отбасылардың жобалары үшін микрокредит беру мерзімінің ұлғайтылуы ұсынылады. Кредитті өтеу бойынша қаржылық жүктемені төмендету үшін біз номиналды сыйақы ставкасын (қолданыстағы схема бойынша 6%) төмендетуді ұсынамыз", – деді Біржан Нұрымбетов.

Сондай-ақ ол жеткілікті кепіл мүлкі жоқ отбасылар үшін микрокредиттерді кепілдендіру механизмдерін ауыл мен қалаға бөлмей, бірыңғай оператор арқылы тарату жоспарланып отырғанын атап өтті (мысалы, "Даму" КДҚ АҚ). "Атамекен" ҰКП филиалдарының көп балалы отбасылардың бизнес-жобаларын сүйемелдеу мерзімін ұлғайту ұсынылады (қазір 1 жыл).  Бұл тұрақты өсу траекториясына шығу үшін старт-ап жобаларын бейімдеуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу