АҚШ-та соңғы 5 жылда құрастырылған автокөліктер ішінен көп бұзыла қоймайтын көліктердің рейтингі жасалды, деп хабарлайды Қазақстан автобизнесінің ассоциациясы.
iSeeCars басылымының сарапшылары жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі Ұлттық әкімшілік базасынан алынған, көліктерге қатысты 2013-2017 жылдардағы шолуларға сүйенген.
Көп бұзылмайтын көліктер рейтингінің көш басында Hyundai Accent седан орналасты. Бұл көлікті сатып алғандар оның бөлшектерін ауыстырып, әуреге түсе бермейді. Екінші орында - Chevrolet Equinox кроссовер. Рейтингте үшінші болып Toyota Corollа тұрса, алғашқы бестікті Honda Civic мен Honda CR-V түйіндеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу