Көп қабатты тұрғын үйден өрт шығып, үш бала ауруханаға түсті

1065

Дәрігерлер олардың жағдайын орташа деп бағалап отыр. 

Көп қабатты тұрғын үйден өрт шығып, үш бала ауруханаға түсті

Қарағандының Майқұдық ауданында көп қабатты тұрғын үйден өрт шығып, үш бала ауруханаға түсті.

Өрт 7 қабаттағы пәтерлердің бірінде тұтанған. Төтенше жағдай орын алғанда ғимаратта болған 7 бала мен 10 ересек адамды құтқарушылар аман-есен сыртқа шығарып үлгерді. Түтінге уланған 2011, 2014 және 2018 жылдары туған үш бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендерден әлсіздік байқалғандықтан, дәрігерлер олардың жағдайын орташа деп бағалап отыр.

Оқиға кәугерлерінің сөзінше, өрт электр сымдарынан тұтанған. Алайда, нақты себебін төтенше жағдайлар департаментінің мамандары анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу