Көп күттірген жер беріле бастады

724

Көп күттірген жер беріле бастады

Ақтөбе билігі кезекте жылдар бойы тұрған қарақұрым халыққа жер бере бастады. Бұл өңірдегі құрылыс материалдары саудасына бірден жан бітірген. Себебі, жергілікті билік бір жылда он бес мың жер учаскесін беруді жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде жер беру ісі бойынша облыс көрсеткішін еліміз бойынша бірінші орынға шығармақ. Ал, тұрғынүй салушылардың қуанышында шек жоқ, себебі, мұнда 2009 жылдан бері жер учаскесі берілмеген. Шектеудің салынуына Ақтөбе қаласы бас жоспарының бекітілмей келгені түрткі болған. Осылайша биыл он соттық жер 109 мың ақтөбелікке бұйырмақ. Бұл өңірде жалпы үй кезегінде тұрғандардың шамамен 77 пайызын құрайды.

"Былтырғы жылы 2016 жылы облыс бойынша 7974 участок берілді. Республткалық көрсеткіш бойынша 30 айзды құрайды. Республика бойынша 21 мың жер учаскесі берілген болса былтыр, соның 7900-і біздің Ақтөбе облысында берілген. Биылғы жылғы жоспар бойынша, ағымдағы жылдың ішінде 14886 участок беру жоспарланып, кәзіргі таңда сол бағыттар бойынша жұмыстар жргізілуде. Кестелер бекітілді ай сайын берілетін. Бгінгі таңда берілген учаскелердің есебі 1263 участок беріліп тұр", - дейді Ақтөбе облыстық жер қатынастары басқармасы басшысы қызметін уақытша атқарушы Бектұрған Зайрымбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу