Көп мұғалім заңсыз еңбекақы алып келген

746

Жарымжандардың қаржысын жымқырды. 

Көп мұғалім заңсыз еңбекақы алып келген Фото: Егемен Қазақстан

Жамбыл облысына бақандай 253 мұғалім 9 ай бойы заңсыз айлық алып келген. Бас-аяғы 24 млн теңгені, оқу жылында негізсіз иемденгені расталды.  Әккілер әрекетін, прокуратура әшкереледі. Көлеңкелі іс жылдық мониторингке тексеріс кезінде анықталды. Ал, қыруар қаржы мүгедектігі бар 225 баланы үйден оқытуға бөлінген ақша. 

Сорақысы, мектеп мұғалімдері дәріс бермеген. Сөйте тұра жалақысына қосымша құн ретінде алып отырған. Мұндай заңсыздық, бірден 6 ауданда тіркелді. Мәселен, Байзақ ауданындағы 30 мұғалім, өтпеген пән үшін 11 млн теңге жалақы алған. Қазір барлық педагог тәртіптік жауапкершілікке тартылып отыр. Ал шығын болған 24 млн теңге сол мұғалімдердің жалақысынан ұстау арқылы кері өндірілмек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу