"Өзім барып, жұмыстан кететінімді айттым": Дана Нұржігіт жан сырын ақтарды

2007

Журналист жолдасымен соттасып жатқанын айтқан еді. 

"Өзім барып, жұмыстан кететінімді айттым": Дана Нұржігіт жан сырын ақтарды Фото: instagram.com/dana_nurzhigit/

Танымал журналист, экс-сенатор Дана Нұржігіт ұзаққа созылған сот процесінің біткенін айтып, оқырмандарына сыр шертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Медиа маманы екінші рет тұрмысқа шығып, кейін жолдасымен соттасып жатқанын жасырмаған еді. 

“Қышқыл лимоннан тәтті лимонад шығара білуді өмір өзі үйретеді. Он ай бойы өзімді қорғап, тергеу, сот процестерінен өткен кезде азаматтық іс, қылмыстық іске байланысты құжаттарды зерттеп, сот отырыстарына, тергеушіге түсініктеме берерде алдын ала дайындалып баруым керек болды. Басымнан өткен 7 сот отырысының өзі маған көп нәрсе үйретті. Істі жүргізу формасы, регламенті, құрылымы, түрлі форматы… Қазір осының бәрі менің "Dana soz" шеберханасындағы дәрістеріме керекті таптырмайтын материал болды. Лимон лимонадқа айналды деген осы!" – деп жазды журналист. 

Айта кетейік, журналист тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтқан еді. 

“Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық тақырыбы мені де айналып өтпеді. Жәбірленушінің орнында болып, сот залында тұрамын дегенді кім білген?! Қиындық кімде жоқ. Мен де мойымай, бастысы денсаулығым мен жұмысымнан айырмасын” деген едім. Алайда моральдық-психологиялық қысым алдымен денсаулығыма кері әсерін тигізді. Содан кейін ТВ-да жұмыс істей алмайтын жағдайға жеттім. Басшыға өзім барып, жұмыстан кететінімді айттым. Өйткені түске дейін тергеушінің алдында, түстен кейін тікелей эфирде жұмыс істеуге жарамай қалдым”, – деп жазды экс-сенатор. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу