Көп табыс тапқан миллиардерлер тізімі жарияланды

5470

Әңгіме қаражатын компанияларға құйып, акциялары еркін айналымда жүрген адамдар туралы болып отыр. 

Көп табыс тапқан миллиардерлер тізімі жарияланды

Forbes журналы соңғы 12 айда әлемнің ақшалы алпауыттарына қарағанда көбірек табыс тапқан миллиардерлер тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылым қызметкерлері табысы 1 млрд доллардан кем емес 2,2 мың азаматтың мәліметтерін саралады. Әңгіме қаражатын компанияларға құйып, акциялары еркін айналымда жүрген адамдар туралы болып отыр. Бұлардың 2018 жылдың 28 желтоқсаны мен биылғы 13 желтоқсан аралығындағы актив бағаларының өзгерістері ескерілді.

Басылым осы мерзім бес миллиардер үшін табысты болып, олар 112 млрд долларға жуық ақша тапқанын мәлім етті.

Бұл тізімге Louis Vuitton Moet Hennessy француз компаниялар тобының төрағасы Бернар Арно, америкалық Facebook корпорациясының басшысы Марк Цукерберг, испандық Zara сауда желісінің иесі Амансио Ортега, америкалық Microsoft компаниясының бұрынғы басшысы Стив Балмер, сонымен қатар, Reliance Industries үндістандық холдинг иесі Мукеш Амбани енген.

Арно бұл кезеңде 40 млрд доллар тапқан, оның жалпы қаражаты 107,7 млрд долларға дейін артты. Цукербергке тиесілі активтер 22,1 млрд долларға өсіп, 72 млрд долларды құрады. Ортегоның мүлкі17,3 млрд долларға көбейіп, 74,9 млрд долларға жетті. Балмердікі 16,3 млрд-қа көбейіп, 56,3 млрд доллар болса, Амбани мүлкі 16,1 млрд-қа өсіп, 61,4 млрд долларға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу