Қопа көліне 40 мың ақ амур және дөңмаңдай балығы жiберiлдi

1954

Қопа көліне 40 мың ақ амур және дөңмаңдай балығы жiберiлдi

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Көкшетаудағы Қопа көлiне балық жіберу шарасына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Әубәкіровтың айтуынша, бұл жолы Қопа көліне Зерендi балық питомнигiнде өсiрiлген 40 мың ақ амур және дөңмаңдай балықтары жiберiлдi.

"Бұл балықтардың ерекшелегі олар көлдің астындағы шөптер мен балдырларды жеп көлді табиғи жолмен тазартуға мүмкіндік береді. Жалпы, көлді аймақ саналатын Ақмола өңiрi үшiн мұндай шараның маңызы зор", - дейді Руслан Әубәкіров.

Шараға қатысқан аймақ басшысы қоршаған орта үшін пайдасы зор игі істің алдағы уақытта да жалғасын таба беретінін атап өтті.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында осы Қопа көліне  13 мыңға жуық ақ амур және 3 мыңға тарта дөңмаңдай балығы жiберiлген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу