Көпбалалы әке көпірден секірмек болды

623

Шымкенттік полицейлер көпірден құлап өлмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz. .

Көпбалалы әке көпірден секірмек болды

Шымкент қаласы ПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері қаладағы құқықтық тәртіпті бейнебақылау камералары арқылы қамтамасыз ету кезінде Рысқұлов пен Қонаев көшелерінің қиылысында көпір қоршауына шыққан ер адамды байқайды. Кезекші инспекторлар жылдам әрекет етіп, жақын маңдағы патрульдік полиция полкінің автоэкипажын жіберген.

Полиция майоры Ерлан Айнамқұлов пен Нұрмахан Қоспанов көпірге үш минут ішінде келіп, ер адамды алаңдату үшін оны әңгімеге тартады. Барлық мәселелер өз уақытымен шешілетінін, өмір сүруді әрі қарай жалғастыру керек екенін айтып, барынша назарын аударуға тырысады. Тәртіп сақшыларының  сұрақтарына жауап бере бастаған сәтте полиция қызметкерлері ұстап алып, қауіпсіз жерге жеткізген.

Болған оқиғаның барлығы полиция қызметкерлерінің бейнежазбасына түсіп қалған.

Көпбалалы әке отбасындағы келеңсіздіктерге байланысты өз-өзіне қол жұмсауға бел буған екен. Қазір оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу