Көпбалалы әке өзіне аштық жариялап, аузын тігіп тастады

1769

Қызылордада көпбалалы әке өзіне аштық жариялап аузын тігіп тастады, деп хабарлайды Atameken Business.    

 Көпбалалы әке өзіне аштық жариялап, аузын тігіп тастады

Оның мұндай әрекетке баруына Бәйтерек мөлтек ауданындағы жолдың нашарлығы себеп. Айтуынша, балаларының мектепке қатынауы қиын. Сондықтан, такси жалдайды. Бала-шағасының білім ордасына барып-келуі үшін күн сайын бес-алты мың теңге кетеді. Оның қызметіне отбасының қаржылық жағдайы көтермейді. Ал мектеп пен үйдің арасы қашық.  Сондықтан, тым болмаса арнайы көлік шығарса деген ниетте. Осы жайтқа қатысты қала әкімінің орынбасары "аудан көшелеріне сәуір айында асфальт төселеді" деп уәде берген екен. Алайда айтылған сөз  айтылған жерде қалды, деседі.

Павлодар қаласында алты мектепке күрделі жөндеу жүріп жатыр. Оған қазынадан 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Әйтсе де, білім ордалары бірінші қыркүйекке дайын болмайтын түрі бар. Өйткені, мердігерлер жұмысты мерзімінен кешіктіруде. Ал, аймақта 60-қа жуық мұғалімнің орны бос тұр. Өңірдің білім саласында тағы қандай жаңалықтар бар?  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу