Көпбалалы ана мемлекеттік грантпен жылыжай шаруашылығын дамытып отыр

225

Кентаулық тұрғын қызанақ өсіріп, өнімін өңір нарығына шығаруға ниетті.  

Көпбалалы ана мемлекеттік грантпен жылыжай шаруашылығын дамытып отыр Фото: gov.kz

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны Ойдин Бабаханова мемлекеттік қайтарымсыз гранттың көмегімен жылыжай шаруашылығын дамытып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көпбалалы ана санатымен конкурсқа қатысып, мемлекеттік қолдауға ие болған тұрғын биыл ерте көктемде еккен қызанақтарының алғашқы өнімін жинай бастады.

Негізгі мамандығы мұғалім болғанымен, бала тәрбиесіне байланысты үй жағдайында еңбек етуге мүмкіндік беретін кәсіп түрін таңдаған. Бүгінде ол жылыжай шаруашылығын отбасылық кәсіпке айналдырып, өнім көлемін ұлғайту бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Кәсіпкер алдағы уақытта өсірген өнімдерін Кентау және Түркістан қалаларының нарығына шығаруды жоспарлап отыр.

Мемлекеттік гранттың арқасында қолға алынған жоба ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға және отбасының табысын арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу