Көпбалалы аналар 22,5 миллион теңгеге жәрдемақы алды

1135

Қаңтар айында әлеуметтік көмек 430,3 мың отбасын қамтыды. 

Көпбалалы аналар 22,5 миллион теңгеге жәрдемақы алды

2021 жылғы қаңтарда көпбалалы отбасыларға берілген мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 22,5 млн теңгені құрады, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Орта есеппен бұл қаржы 430,3 мың отбасыға берілді. 2020 жылдың желтоқсанында жәрдемақының бұл түрін 428,3 мың отбасы алған еді. Ол кезде әлеуметтік көмектің жалпы сомасы 22 млн теңгеге болатын. 

"Бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан аталған мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады", – деп хабарлады ведомствода. 

2021 жылы төлем мөлшері балалардың санына байланысты 46760 мың теңгеден (4 бала) 81852 мың теңгеге (7 бала) дейін сараланды. Ал 8 балаға – 93344 теңге, 9 балаға – 105 012 теңге, 10 балаға – 116 680 теңге, 11 балаға – 128 348 теңге, 12 балаға – 140 016 теңге, 13 балаға – 151 684 теңге, 14 балаға – 163 352 теңге, 15 балаға – 175 020 теңге, 16 балаға – 186 688 теңге.

Еске сала кетейік, елімізде көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу