Көпбалалы аналар мемлекеттен аз жәрдемақы алып жүр ме?

Қазан айының өзінде 570 мың отбасыға жәрдемақы төленген. 

Көпбалалы аналар мемлекеттен аз жәрдемақы алып жүр ме? Фото: gov.kz

Биылдан бастап балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың 7%-ға артқаны белгілі, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері көпбалалы отбасылар (575,8 мың отбасы) 389,8 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақымен қамтылған. Мысалы, қазан айында ғана орта есеппен 570 мың отбасыға 41 млрд теңге көлемінде жәрдемақы төленген. 

Негізінен мемлекеттік жәрдемақыны бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар ала алады. Бұл жерде табысына да қарамайды. Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі.

Мысалы, 2024 жылы: 

– 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
– 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
– 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
– 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
– 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әрбір балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге көлемінде төленеді.

Биылғы 1 қаңтардан бері балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артып отыр. Осы жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге бюджеттен 474 млрд теңге қаралған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу