Көпбалалы аналарға 7 мың теңге беріледі

3844

Халықаралық әйелдер күніне осындай сыйлық жасалмақ. 

Көпбалалы аналарға 7 мың теңге беріледі

Павлодар қаласының әкімдігі төрт және одан көп баласы бар аналарды 7 мың теңге көлемінде бірреттік төлем беру арқылы қуантпақ, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жергілікті мәслихаттың 2020 жылғы 16 қыркүйекте қабылдаған шешіміне сәйкес, аналарға 2,4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Яғни, 7001 теңге беріледі.

"Басты талап – көпбалалы отбасының атаулы әлеуметтік көмек алуы. Төрт және одан да көп баласы бар, бірақ әлеуметтік осал топ өкілі ретінде атаулы әлеуметтік көмек алмайтын аналарға мұндай бірреттік төлем қарастырылмаған", – дейді Павлодар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Айнұр Тынышпекова.

Айта кетелік, облыс орталығында барлығы 1430 аз қамтылған отбасы бар. Олардың қатарында көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын аналардың саны – 264.  

Бірреттік сыйақыны алу үшін өтініш берудің қажеті жоқ. Белгіленген сома көпбалалы аналардың шотына автоматты түрде аударылады.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу