Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері артады

742

Тиісті норма ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген.

Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері артады Фото: Liter.kz

1 шілдеден бастап республикалық бюджеттен "Алтын алқа" алған, "Батыр ана" атағы бар, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған аналарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін (2023 жылы – 25 530 теңге) өседі. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген және Мемлекет басшысы қол қойған ҚР Әлеуметтік кодексі 9 заңды шоғырландырды және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамытудың құқықтық негіздерін нығайтуға әрі азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларының атаулылығын күшейтуге бағытталған.

ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін кезең-кезеңімен халықаралық стандарттар деңгейіне келтіруге, халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушілердің әлеуметтік тәуекелдердің салдары үшін ортақ жауапкершілігінің рөлін күшейтуге, азаматтардың проактивті формат арқылы мемлекеттік қолдау шараларына тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының ашықтығы мен атаулылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Құжаттың новеллаларының бірі – "Наградталған ана" деген жаңа ұғымды енгізу болатын. Бұл мәртебе "Күміс алқа", "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы"  ордендерімен марапатталған әйелдерге берілетін болады.

Бүгінгі таңда 6, 7 және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алады. ҚР Әлеуметтік кодексінде наградталған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшерін саралау көзделеді.

Мәселен, "Алтын алқамен", I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған, "Батыр ана" атағы бар, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналарға арналған жәрдемақы мөлшері 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 7,4 АЕК-ке дейін (2023 жылы – 25 530 теңге) өседі. Бұл өзгеріс 90 мыңға жуық марапатталған аналарды қамтитын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу