Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп жазады inbusiness.kz.
“Кеше Президенттің Екібастұз тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғындары атынан көпбалалы ана Аяна Смағұлова балаларға арналған шығармашылық үйін салу туралы өтінішін айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өскелең ұрпақтың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға арналған әлеуметтік нысанды салу жөнінде шешім қабылданды”, деп жазды Руслан Желдібай өзінің Фейсбуктегі парақшасында.
Оның хабарлауынша, нысанды қаржыландыру көзі табылды.
“Шығармашылық үйі демеушілердің есебінен салынады. Облыс әкімдігіне жобаның жүзеге асырылуын қадағалау тапсырылды”, - деді баспасөз хатшысы.
Айта кету керек, осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барғанын жазған болатынбыз.