Көпбалалы отбасыларға айына қанша мың теңге жәрдемақы төленеді?

33707

Орта есеппен алғанда елдегі 496,6 мың отбасы жәрдемақы төлемдерімен қамтылған.  

Көпбалалы отбасыларға айына қанша мың теңге жәрдемақы төленеді?

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға 283,7 млрд теңгеге жәрдемақы төленді, деп жазады inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазан айында 494 мың отбасына 29,9 млрд теңге жәрдемақы төленді.

Ведомствоның хабарлауынша, мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар, отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

"Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы 4 балаға – 50 975 теңге, 5 балаға – 63 727 теңге, 6 балаға –  76 479 теңге, 7 балаға – 89 231 теңге, 8 балаға – 101 760 теңге, 9 балаға – 114 480 теңге, 10 балаға – 127 200 теңге, 11 балаға – 139 920 теңге, 12 балаға – 152 640 теңге, 13 балаға – 165 360 теңге, 14 балаға – 178 080 теңге, 15 балаға – 190 800 теңге, 16 балаға – 203 520 теңге немесе әр балаға 12 720 теңге төленеді", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу