Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері қалай өзгерді?

670

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 8,5%-ға өсті. 

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері қалай өзгерді? Фото: gov.kz

Былтыр еліміздегі көпбалалы 501,2 мың отбасыға 346,8 млрд теңгеге жәрдемақы төленді. Желтоқсан айында 530,8 мың отбасы 31,2 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақымен қамтамасыз етілді, деп жазады inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

"Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады", - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді:

- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК (55 304 теңге);

- 5 балаға – 20,04 АЕК (69 138 теңге);

- 6 балаға – 24,05 АЕК (82 973 теңге);

- 7 балаға – 28,06 АЕК (96 807 теңге);

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК мөлшерінде (2023 жылы 13 800 теңгеден).

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу