Көпбалалы отбасыларға пәтер беру басталды

759

Биыл мамыр айында еліміз бойынша 1,2 мың көпбалалы отбасыны баспанамен қамтамасыз ету көзделген.

Көпбалалы отбасыларға пәтер беру басталды

Тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі жаңа заңды іске асырудың алғашқы күні елордада және еліміздің өңірлерінде 249 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Бүгінде алғашқы 24 пәтер Нұр-Сұлтан қаласында, 15-і Шымкент қаласында берілген. Павлодар облысының көп балалы отбасыларына – 76, Қарағанды облысында – 27, Ақтөбе облысында – 25, Алматы облысында – 20, Маңғыстау облысында – 18, Жамбыл облысында – 17, Шығыс Қазақстан облысында – 11, Батыс Қазақстан облысында – 10, Ақмола облысында – 6 пәтер берілді.

15 мамыр күні Атырау облысындағы 50 көпбалалы отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.

Жергілікті атқарушы органдардың берген мәліметіне сәйкес, 32 мың көпбалалы отбасы баспана алуға кезекте тұр.

Еске сала кетсек, биыл 30 сәуірде көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ҚР парламенті тұрғын үй қатынастары мәселелері жөніндегі заңды қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу