Көпбалалы отбасыларға үй салу үшін республикалық бюджетке өтініш жолданды – Бақыт Сұлтанов

1395

Көпбалалы аналарға баспананы жалға беріп, кейін сатып алуына мүмкіндік жасалмақ.

Көпбалалы отбасыларға үй салу үшін республикалық бюджетке өтініш жолданды – Бақыт Сұлтанов Фото: elorda.info

Астана әкімдігі республикалық бюджетке көпбалалы аналарға арналған сатып алу мүмкіндігі бар жалдамалы пәтерді салуға қаражат бөлу туралы өтініш жолдады, деп мәлім етті қала әкімі Бақыт Сұлтанов.  

"Тұрғын үй мәселесін қарастырып жатырмыз. Көпбалалы аналарға баспананы жалға беріп, кейін сатып алуға мүмкіндік жасаймыз. Олар пәтер жалдауға ақша жұмсамай, өз баспаналарына ақша жинай алатын болады",– деді қала әкімі жыл сайынғы халыққа есеп беру кездесуінде.   

"Бұл жоспарды қалай іске асырамыз? Қала маңында ескі үйлер сүріліп жатыр, олардың орына заманауи биік үйлер салынуда. Қасында мектеп, балабақша, басқа да әлеуметтік инфрақұрылымдар бар", – деді Бақыт Сұлтанов.

"Басқа бағдарламаларды оңтайландыру есебінен жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлінуі мүмкін, сонымен қатар республикалық бюджетке өтініш жолданды", – деді қала әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу